Семинар спикерлері – Кенжеғараев Н.Ж. және Қаласова Г.Б. академиялық жазылымның негізгі қағидалары, ғылыми мәтін құрылымы, зерттеу жұмыстарының сапасына қойылатын заманауи талаптар жөнінде мазмұнды баяндама жасады.
Іс-шара барысында ғылыми стильді сақтау, дереккөздермен дұрыс жұмыс істеу, академиялық адалдық қағидаларын ұстану мәселелері талқыланды. Семинар қатысушылары ғылыми зерттеу жүргізу барысында жиі кездесетін қателіктер мен оларды болдырмау жолдары туралы пайдалы ақпарат алды.
Оқу семинары тыңдаушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыруға және академиялық жазылым дағдыларын жетілдіруге бағытталды.


