№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

2026 жылғы 15 сәуірде Алматы қаласының Білім басқармасы қала колледждері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлердің қатысуымен WorldSkills Almaty-2026 өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын WorldSkills Kazakhstan-2026 республикалық чемпионатына даярлау үдерісіне арналған пресс-тур ұйымдастырды

Пресс-турдың мақсаты – WorldSkills 2026 Ұлттық чемпионатына дайындық барысын кеңінен таныстыру, WorldSkills стандарттары негізінде жүзеге асырылып жатқан білім беру және практикалық даярлық жұмыстарын көрсету, студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту деңгейін айқындау, педагогикалық мамандықтардың беделін арттыру, сондай-ақ қоғам назарын техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің маңыздылығына аудару.

Үш колледж «Сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктарда фрезерлік жұмыстар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) желілерінің инфрақұрылымы» және «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттіліктері  бойынша студенттерді даярлау үдерісін көрсету үшін өз есіктерін ашты.

Пресс-тур аясында «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Almaty–2026» өңірлік чемпионатының жеңімпазы Туляубай Қарақаттың Ұлттық чемпионатқа дайындық барысы таныстырылды. Қатысушылар WorldSkills стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған оқу және тәжірибелік үдерістерді, студенттің кәсіби қалыптасу жолын, колледж қабырғасында алған білімін, құзыретін және дайындық кезеңіндегі нақты практикалық жұмыстарын көрді. Студенттің дайындық жұмыстары А,В,С модульдері бойынша кезең-кезеңімен ұсынылды.

Пресс-тур бағдарламасына сәйкес «Байқоңырдан басталған саяхат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Аталған іс-шара кәсіби білім беру сапасын арттыруға, жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге және халықаралық стандарттарға сай кадрлар даярлауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

#worldskillsalmaty #біздіңТжКБ #Talap  #колледж өмірі

Теледидар каналдары         

Баспасөз

WorldSkills Almaty-2026: в Алматы прошел пресс-тур по ведущим колледжам города https://share.google/OyltTwiXJ0OsHU4Fi

https://vecher.kz/ru/article/budushie-chempiony-worldskills-kazakhstan-2026-gotovyatsya-k-respublikanskomu-etapu.html

Әлеуметтік желілер

https://www.instagram.com/reel/DXJ6qTVCJZe/?igsh=MTNpajZzYWRhOHE3ZQ==

https://www.instagram.com/reel/DXJ8ifYjUe-/?igsh=MTN5NGtiZWtnaDh0Mg==

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.